Кеше, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдарҚР ДСМ Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті Өзбекстанда балалардың өліміне әкеп соққан ДОК-1 МАКС препаратының ақпаратына қатысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Шулы оқиғаға себеп болған ДОК-1 МАКС Қазақстан Республикасының аумағында тіркелмеген. ҚР-дағы ірі дәріхана желілері мен дәрілік заттар дистрибьюторларының ресми деректері бойынша бұл препарат жоқ және республика бойынша сатылмайды.
Айта кету керек, ҚР «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексіне сәйкес дәрілік заттардың сапасын бақылау жүйесі олардың өмірлік циклінің барлық кезеңдерінде жұмыс істейді.
Дәрілік заттардың сапасы мен қауіпсіздігін реттеудің негізгі элементі мемлекеттік тіркеу болып табылады, оның алдында олардың тиімділігін, қауіпсіздігі мен сапасын кешенді бағалау жүргізіледі. Онсыз дәрілік зат нарыққа жіберілмейді.
Қазақстанда тіркелер алдында дәрілік заттар мен олардың құрамына кіретін белсенді және қосалқы заттар, буып-түю материалдары сапасына мұқият тексерілетінін айтып отыр.
Соңғы 4 жылда әр түрлі өндірушілердің құрамында этиленгликольдің қосымша құрамы жоғары болған 10 дәрілік препаратын тіркеуден бас тартылды және ел нарығына жіберілмеген көрінеді.
Сонымен қатар, ДОК-1 МАКС республика бойынша анықталған жағдайда заңнамаға сәйкес шаралар қабылданатын болады.
Кеше, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдар13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңыз11 Қыркүйек, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керек11 Қыркүйек, 09:00
«Ұял» дегенде бетін басады: Челси есімді ит қазақша бұйрықтарды қалай үйренді?