Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыӨзбекстанда 8-сынып оқушылары бір ұлға таласып қалды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
UzNews.uz мәліметінше, оқиға Әндіжан облысының Ходжаабад ауданында болған.
М.М. есімді жасөспірім Р.И. есімді құрбысымен телефон арқылы ұрысып қалған, себебі М.М. танысының әлеуметтік желі арқылы Р.И.-мен сөйлесіп жүргенін біліп қалған. Екеуі мәселені кездесіп шешкпек болған. Алайда өздерімен бірге сыныптастарын ертіп келіп, бұл кездесудің соңы төбелеске ұласқан.
Төбелесті жасөспірімдердің бірінің 16 жасар әпкесі видеоға түсіріп, өзінің Instagram-дағы парақшасында жариялаған. Ролик әлеуметтік желіде тез тарап кетті.
Ходжаабад ауданының полициясы оқиғаға қатысты пікір білдіріп, қатысушылардың барлығының жеке басы анықталғанын, қазіргі уақытта ішкі істер органдары тексеру жүргізіп жатқанын алға тартты.
Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді