22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алдыТүркі Мемлекеттері Ұйымының мерейтойлық Х саммитінің отырысында сөйлеген сөзінде Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеев Палестина-Израиль қақтығысы туралы айтып, тараптарды соғыс қимылдарын тоқтатуға, атысты тоқтатуға және гуманитарлық мақсатта бітімге келуге шақырды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Таяу Шығыста ұзақ уақыт бойы жалғасып келе жатқан Палестина-Израиль қақтығысының өте қауіпті сипаты бәріміз үшін ерекше алаңдаушылық тудырады. Қарулы қақтығыстардың салдарынан бейбіт тұрғындар, әсіресе қарттар, әйелдер мен балалар арасында қаза тапқандар мен жараланғандар саны күрт өсуде. Жанжалдың кең өршу қаупі артып келеді, - деді Өзбекстан басшысы.
Ол Палестина тәуелсіз мемлекет құруға құқылы екеніне назар аударды.
Бұл мәселенің жалғыз әділ шешімі «екі халық үшін екі мемлекет» қағидаты негізінде қабылдануы тиіс. БҰҰ қарарларында анықталғандай, Палестина халқы тәуелсіз мемлекет құруға құқылы. Біздің ұйым аясында бүкіл әлемге осы мәселе бойынша бірауыздан ұстанымымызды жариялауымыз керек, - дегенді алға тартты Мирзиеев.
22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алды20 Мамыр, 08:00
Хусановтың өзі сұхбатқа келді | «Ордабасы» чемпион болмайды | «Барсаның» фанаты емеспін12 Мамыр, 16:42
Ата-енеме сәлем салмаймын І Олимпиададағы өкінішті әлі ұмытқан жоқпын - Абиба Әбужақынова30 Сәуір, 23:45
Өзбек боксшыларының осал тұсын таптым І Түнгі 10-да ұйықтап қаламын – боксшы Темірлан Мұқатаев