Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекПавлодарда кәмелет жасқа толмаған қызын зорлаған ер адам тергеу изоляторында отырып, өзінің бір көзін ойып алды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
1971 жылы туған ер адам кәмелетке толмаған қызын бірнеше рет зорлағаны үшін кінәлі деп танылды. Ол 2021 жылғы ақпаннан 2023 жылғы мамырға дейін қызына зорлық көрсеткен.
Павлодардың қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты қылмыскерге қатысты үкім шығарды.
Сот ер адамды 120-бап, 3-бөлік, 3-2-тармақ "Кәмелетке толмаған баланы ата-анасының зорлауы" және 121-бап, 3-бөлік, 3-2-тармақ "Кәмелетке толмаған балаға қатысты ата-анасының жыныстық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері" бойынша кінәлі деп тауып, 20 жылға соттады.
Сондай-ақ, сотта тергеу изоляторында отырған кезде сотталушы көзінен айырылғаны белгілі болды.
Сотталушының сол көзі көрмейді, тергеу изоляторында ол оң көзін шегемен ойып алып, өзін-өзі жаралады, - деді судья Нұрлан Айтбаев.
Қазір сот айыпталушыны арнайы медициналық комиссияға жіберу мәселесін қарап жатыр. Комиссия оның денсаулық жағдайын тексеріп, жазасын одан әрі өтеу немесе мерзімінен бұрын босату туралы шешім қабылдайды. Іс материалдарында Алматы қаласында жүргізілген психологиялық-психиатриялық сараптаманың қорытындысы бар. Сарапшылар сотталушының жағдайына “өз іс-әрекетінің сипаты мен қоғамдық қауіптілігін түсініп, басқара алады” деген баға берді.
Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекКеше, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?