10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы2024 жылғы 15 наурызда Атырау қаласында өткен Ұлттық құрылтай отырысында Мемлекет Басшысы жариялаған тапсырмаға сәйкес, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамаға өзгерістер енгізілді, деп жазады El.kz интернет порталы.
2024 жылғы 9 қыркүйектен бастап, мемлекеттік қызметшілердің, оның ішінде онлайн форматта, құмар ойындары мен бәс тігуге қатысуы сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді бұзу болып танылады.
Орал қаласының прокуратурасымен осы нормалардың сақталуына талдау жүргізілді.Анықталғандай, Орал қаласы әкімдігінің, мемлекеттік кірістер және қалалық полиция басқармаларының жекелеген лауазымды тұлғалары букмекерлік кеңселер арқылы құмар ойындарға қатысқан.
Аталған фактілер бойынша Орал қаласының прокуратурасымен Орал қаласы әкімдігіне, Мемлекеттік кірістер басқармасына және Батыс Қазақстан облысының Полиция департаментіне қадағалау актілері енгізілді.
Оларды қарау қорытындысы бойынша 24 лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылып, оның ішінде 16-сы атқарып отырған лауазымдарынан босатылды.
Мысал ретінде, «OLIMPBET» ЖШС-нің мәліметтеріне сәйкес, Орал қаласы әкімдігінің бір қызметкері 2021 жылғы 5 маусым мен 2025 жылғы 22 қаңтар аралығында өзінің жеке шотына 34 047 142 теңгеден астам қаражат салған. Оның ішінде, заңнамадағы өзгерістер күшіне енгеннен кейін — 1 741 000 теңге салып, оның 971 000 теңгесін ұтылған. Осы мән-жайларға байланысты аталған қызметкер лауазымынан босатылды.
Орал қаласының прокуратурасы сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың, оның ішінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулердің сақталуына жүйелі түрде қадағалау жүргізуді жалғастырады.
Батыс Қазақстан облысы прокуратурасының сайтына сілтеме:
10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді