29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындыларыАқмола облысы Целиноград ауданының Қоянды ауылында электр станциясына найзағай түсіп, жергілікті ауқымдағы төтенше жағдай жарияланды, деп хабарлайды El.kz ҚазАқпарат тілшісіне сілтеме жасап.
«13 маусымда сағат 17:00 шамасында ауылды электр жарығымен қамтамасыз етіп тұрған станцияға найзағай түсті. Ауылдың 90 пайызы бір тәуліктен астам жарықсыз отырды. Тек Софиев ауылына өтіп тұрған электр желісіне қосулы 10 пайыз үйде ғана жарық болды. Электр станциясын 14 маусым күні сағат 00:30-да толық іске қостық», - деп түсінік берді Қоянды ауылының әкімі Айбек Есеев.
Электр станциясының істен шығуына байланысты 2500-ден астам үй бір тәулікке жарықсыз қалған. Әкімнің айтуынша, станция толықтай қалпына келтірілді.
29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек