19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?Түркістан облысы Отырар ауданында балабақша қызметкері зорлық көрсеткен бастауыш сынып оқушыларының саны 15-тен астам болуы мүмкін, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Адвокат Айман Омарованың айтуынша, оның 14-і қыз бала, 1-уі ұл көрінеді.
Бізге алғашында 3 қыз зорлық көрді деген ақпарат келіп жеткен болатын. Енді олардың саны 15-ке жетті деген мәлімет келді. Зорлық құрбандарының саны одан да көп болуы мүмкін. Күдіктіні ұстапты. Бұл видеоүндеуді біз Бас прокуратураға жолдап отырмыз. Барып тексерулерін сұраймыз. Себебі кей ата-ана арыз жазғысы келмей отыр екен. Өйткені істі жауып тастай ма деп қорқады, - деді адвокат тікелей эфир кезінде.
Қорғаушының мәліметінше, оқушылардың жаппай зорлануы туралы «One-Stop-Service» жобасына Түркістан облысының тұрғындары хабарласып айтқан. Олардың жасы 5-10 жас аралығында екен.
Ал заңгер Ляззат Ракишеваның айтуынша, қазіргі таңда күдіктімен көрші тұратын көптеген ата-ана кішкентай қыздарын жаппай гинекологқа тексертіп жатыр екен. Сондықтан зорлық құрбандарының саны 15-тен көп болуы мүмкін.
Күдікті балабақшада от жағушы (кочагар) боп істейді екен. Жазда дәл осы адамның үстінен зорлық-зомбылық бойынша бір арыз жазылыпты. Бірақ неге іс қозғалмағаны белгісіз, - деді Ляззат Ракишева.
19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары