20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекРеспубликада қызылша инфекциясының таралуына қарсы күрес шаралары, халықты жоспарлы және қосымша иммундау қарқыны туралы ҚР ДСМ "Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы" ШЖҚ РМК Басқарма төрағасы Манар Смағұл ОКҚ-да өткен сараптамалық брифингте айтып берді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап.
Ол Қазақстанда 2023 жылы қызылшаның 29 648 жағдайы тіркелгенін, ағымдағы жылдың 9 қаңтарында аурудың 31 641 жағдайға өскенін, оның 79%-ы (24 940) 14 жасқа дейінгі балаларға тиесілі екенін хабарлады. Қызылша бойынша жағдайды тұрақтандыру мақсатында жоспарлы тәртіппен және ҚМИ шеңберінде тиісті адамдарға вакцинациялау жүргізіледі:
- қызылшаға қарсы жоспарлы вакцинациялау (ДДҰ ұсынған 11 айда кемінде 87% кезінде 1 жастағы балалардың 94%-ы және 6 жастағы балалардың 93%-ы қамтылған);
- 30 жасқа дейінгі вакцинацияланбаған байланыста болған адамдардың ошақтарында вакцинациялау (26 мыңнан астам адам егілді);
- бұрын екпелерді өткізіп алған 18 жасқа дейінгі балаларды вакцинациялау (165 мыңнан астам адам егілді);
- ҚМИ-949 мыңнан астам адам қамтылды, оның ішінде 6-10 айлық балалар 109 мыңнан астам, 2-4 жас аралығындағы балалар – 638 549. Яғни, күн сайын орта есеппен 21 мыңнан астам адам вакцина алады.
"Қазіргі уақытта қызылша бойынша ахуал тұрақты бақылауда, барлық қажетті эпидемияға қарсы шаралар жалғасуда", - деп түйіндеді ҚДҰО басшысы.
20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?