Кеше, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келдіӨткен тәулікте ҚР ТЖМ күштері 180 шығу жасады. 465 адам, оның ішінде 39 бала құтқарылып эвакуацияланды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Қарағанды облысының автожолдарында ТЖД, ТЖМ 52859 әскери бөлімінің, полиция мен жергілікті атқарушы органдардың күштері қар құрсауында қалған автомобильдерден 400-ге жуық адамды құтқарып, жақын маңдағы кемпингтерге, жылыту пункттері мен елді мекендерге эвакуациялады.
Бұқар Жырау ауданында 29 қарашада ауа-райы қолайсыздығынан мал бағуға шығып, елді мекенге өз бетінше жете алмаған 3 адам табылды.
Сонымен қатар Абай ауданында далада қар құрсауында автокөлікпен тұрып қалған төрт адамды іздеу жұмыстары жүргізілді. Құтқарушылар жоғалған адамдарды таң атарда тауып, жақын маңдағы елді мекенге жеткізді.
Солтүстік Қазақстан облысының Тайынша ауданында 29 желтоқсанда жылқы табынын атпен іздеп шыққан шопан іздестірілді. Іздеу тобы жоғалған адамды тауып, елді мекенге жеткізді.
ТЖМ азаматтарды дауыл туралы ескертулерді, ауа-райының өзгеруін, жолдардың жабылуы туралы хабарламаларды бақылап, алыс сапарларға шықпауға шақырады.
Ауылдық жерлерде тұратын тұрғындарға ауа райы нашарлаған жағдайда алыс қашықтыққа жаяу жүруден бас тартуды ұсынамыз.
Кеше, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады