Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыМәжілістегі әйел құқықтарына қатысты заң жобасын талқылау барысында депутат Анас Баққожаев отбасындағы жанжалға тек ерлерді айыптауға болмайтынын айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Депутат ұрып-соғу және денсаулыққа жеңіл зиян келтіргендердің жазасын әлдеқайда қатаңдату нормаларын қолдайтынын айтты.
Еркектің ең сорлысы ғана әйелге қол көтереді. Дегенмен, ұрыстың бәрі бірден ұрудан шықпайды ғой. Ерлерді де түсінуіміз керек. Жанжал неден туындайды? Әрине, кей жағдайда әйелдің тілінің ұзын болуынан. Мені бұл сөзім үшін әйел адамдар кешірсін. Бірақ ондай да фактілер бар. Қазақта «жақсы әйел ырыс, жаман әйел ұрыс» немесе «ерге жаққан әйел елге де жағады» деген сөз бар. Біз қазақы тәрбиеден алшақтап бара жатырмыз. Бұл ретте Оқу-ағарту вице-министріне сұрақ қоймақпын. Қазір оқу орындарында қыз балаларды инабаттылыққа тәрбиелейтін қандай сабақтар өткізіліп жатыр? Ынталандыру шаралары бар ма? - деп сұрады Анас Баққожаев.
Депутаттың ойынша, қыздарды тәрбиелеуге мән беру қажет.
Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді