Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекОңтүстік Кореяда отбасын енді құрған ерлі-зайыптылар үшін төрт күндік жұмыс аптасы енгізіледі. Ол елдегі демографиялық ахуалды жақсарту үшін жасалмақ. Бұл әзірге сынақ ретінде қолға алынған жоба, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі 24.kz-ке сілтеме жасап.
Оған Кёнгидо провинциясындағы 50 компания қатысады. Жұмыс аптасы қысқарғанда, жастардың отбасына көңіл бөлуге уақыты көбеюі тиіс. Қазір елде демографиалық дағдарыс ушығып барады. Бала туу көрсеткіші төмендеп кеткен. Өйткені баспана қымбат. Баланы бағып-қағу шығындары да аз емес.
Жастар мансап қуып, сәбилі болуға асықпайды. Осыған байланысты билік отбасын құруға ынталандыратын арнайы бағдарламаларды қолға алып жатыр. Тіпті жалғызбасты жандарға кездесу ұйымдастырылады. Егер қарым-қатынасын жалғастыратын болса, оларға ақша төлейді. Бұдан бөлек баспана сатып алу және үй жалдап тұруға да қаржылай көмек бар.
Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекКеше, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?