22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алдыМәжіліс депутаты Ерлан Саиров «Қоғамдық бақылау туралы» заңнамаға енгізілген түзетулер туралы айтып берді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Енді «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорында және оның еншілес компанияларында, мемлекеттік, әлеуметтік және ғылыми-инновациялық жобаларға, бюджет қаражаты есебінен іске асырылатын ұлттық жобаларға қатысты, сондай-ақ қор қайырымдылық көмек көрсеткен кезде қоғамдық бақылауды жүзеге асырылады.
Назарбаев интеллектуалды мектептері, басқа да дербес білім беру ұйымдарын қоғамдық бақылау объектілеріне жатқызу, қоғамдық бақылау объектілеріне барудан бас тарту негіздерін айқындау. Азаматтарға петиция беру құқын тек электронды нұсқада емес, қағаз түрінде де беру, петицияны орналастыру үшін қажетті дауыстар санын азайтылады, - деп атап өтті Ерлан Саиров.
Демек, 50 мың азамат петицияға қол қоятын болса, мемлекеттік органға мәселені қарау толығымен міндеттелетін болады.
Депутат енді әскери оқу орындарының тәрбиеленушілерінің өмірімен ата-аналары хабардар болып, таныса алатынын атап өтті.
Мемлекеттік органдардың петицияны қарау мерзімін қысқарту, мерзімді қызметтегі әскери қызметшілердің, сондай-ақ әскери оқу орындарындағы тәрбиеленушілердің, ұландарының, кадеттері мен курсанттарының өмірі мен тұрмысымен танысуы үшін олардың отбасы мүшелеріне әскери бөлімдерге, оқу орындарына құқық беруге түзету енгізілді, - деді депутат.
22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алды20 Мамыр, 08:00
Хусановтың өзі сұхбатқа келді | «Ордабасы» чемпион болмайды | «Барсаның» фанаты емеспін12 Мамыр, 16:42
Ата-енеме сәлем салмаймын І Олимпиададағы өкінішті әлі ұмытқан жоқпын - Абиба Әбужақынова30 Сәуір, 23:45
Өзбек боксшыларының осал тұсын таптым І Түнгі 10-да ұйықтап қаламын – боксшы Темірлан Мұқатаев