20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекМәжілісте тұрғын үй саясатын реформалау мәселелері бойынша түзетулер бірінші оқылымда мақұлданды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
«Отбасы банк» азаматтарды есепке қою, тұрғын үйді бөлу және беру функцияларын орталықтандырылған түрде жүзеге асыратын ұлттық даму институтына айналады.
«Отбасы банк» екінші деңгейлі банктер жүйесі мен депозиттерге кепілдік беру жүйесінен шығарылады. Дегенмен бірқатар мәселе бойынша бақылау мен қадағалау уәкілетті органдарда қалады, ал онда орналастырылған депозиттердің сақталуына мемлекет кепілдік береді.
«Отбасы банк» базасында Тұрғын үймен қамтамасыз ету орталығы құрылады. Оған, жекелеген санаттардағы мүшелігіне қарамастан, тұрғын үйге мұқтаж барлық азамат тіркеле алады. Бұл «бір терезе» қағидатын қолдануға мүмкіндік береді. Сонымен қатар кезекке жаңадан тұрған азаматтардың баспанасыз болу мерзімін 10 жылға дейін ұлғайту ұсынылып отыр.
Бұдан бөлек тұрғын үйге қатысты басымдықтардың тізімі кеңейтіледі. Оған мүмкіндігі шектеулі балалары бар отбасылар, І және ІІ топтағы мүгедектер де кіреді. Мемлекеттiк немесе қоғамдық мiндеттердi атқару кезiнде қайтыс болған адамдардың отбасыларына әкiмдiктер бiр жылдан кешiктiрiлмей тұрғын үй бередi. Басқа да түзетулер қарастырылған.
20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?