7 Шілде, 12:44
Шикі сүт ішеді, етті жақсы көреді: Норвегия қаһарманына айналған Эрлинг Холанн кім?Қазақстанда мемлекеттік тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтардың басым бөлігі мәліметтерін жаңартпағандықтан, өз орындарынан айырылу қаупі төніп тұр, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Қазіргі таңда кезекте 642 мың адам бар, бірақ олардың небәрі 14%-ы ғана деректерін растаған.
Бұл туралы "Отбасы банк" басқарма төрайымы Ләззат Ибрагимова мәжіліс жанындағы қоғамдық палата отырысында айтты. Төрайымның сөзінше, кезектегі азаматтар туралы ақпарат соңғы жылдары жаңартылмағандықтан, үлкен алшақтықтар анықталған:
Біз 642 мың кезекте тұрған азаматқа қатысты деректерді алған кезде, соңғы екі жылда ешқандай санақ жүргізілмегенін біле тұра, қиындықтарға дайын болдық. Яғни, кезек тізімдері тек нөмірлер мен ЖСН арқылы ғана берілген. Бірақ мәселе бұдан да терең болып шықты. Бізде азаматтардың жарамды телефон нөмірлері жоқ, тіркелген мекен-жайылары туралы мәліметтер де сәйкес емес, отбасы құрамы туралы ақпарат та сәйкес келмейді, - деді Ләззат Ибрагимова.
Банк төрт ай бойы мәліметтерді өзектендіру жұмыстарын жүргізіп келеді. Алайда кезекте тұрғандардың бір бөлігі келісімін бермей отыр, өйткені бүгінде көпшілігі мемлекеттік қолдау талаптарына сай келмейді. 30 қараша 2025 жылға қарағанда, 642 мың адамның ішінде 92 мыңнан астамы ғана өз деректерін растаған.
Ибрагимованың айтуынша, кезекте тұрғандардың біразы қазір бұрынғыдай жеңілдік санаттарына жатпайды. Біреулер әскери қызметтен кеткен, біреулер мемлекеттік қызметші мәртебесін жоғалтқан, кейбірінің балалары кәмелетке толған немесе отбасы мүшелері баспана сатып алған.
Деректерін жаңартудан бас тартқандардың кесірінен тұрғын үй беру процесі тежеліп отыр. Мысалы, 2008 жылғы кезекке өту үшін алдымен 2007 жылғы тізім толық тексеріліп, жаңартылуы керек.
Бұғай дейін, елімізде баспана бағасының қымбаттағаның хабарлаған едік.
7 Шілде, 12:44
Шикі сүт ішеді, етті жақсы көреді: Норвегия қаһарманына айналған Эрлинг Холанн кім?7 Шілде, 10:00
Миллион жазылушы – дайын вице-президент? Қазақстан спортындағы жаңа тренд2 Шілде, 09:05
Қазақстанда кино суретшісінің еңбегі әлі де толық бағаланбайды – Бекен Нарбай1 Шілде, 17:41
Алакөлден Ыстамбұлға дейін: жазғы демалысқа қайда баруға болады?