Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыЕңбек сіңірген жаттықтырушы Қуандық Елжанов жеңіл атлетика саласындағы спортшыларымыздың дайындықтары туралы баяндады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Қазақстанның жеңіл атлетикасы бұрыннан қалыптасқан сала. Әлемдік жеңіл атлетика саласында танымал жеңіл атлеттеріміз бар. Отандық жеңіл атлетика саласында аты аңызға айналған Ғұсман Қосановтың турнирі өткізіледі. Тәуелсіз Қазақстан тарихында Ольга Шишигина, Дмитрий Карпов, Ольга Рыпакова сияқты желаяқтарымыз бар, - деді ол.
Оның сөзінше, 2023 жыл қазақстандық жеңіл атлеттер үшін табысты жыл болды.
Азия чемпионатында алты алтын, үш күміс, үш қола медаль иелендік. Командалық есепте екінші орын иелендік. Өзбекстанда өткен 18 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатында 3 алтын, 6 күміс, 5 қоламен үшінші орын алдық. Таиландта өткен Азия чемпионатында 1 алтын, 2 күміс, 1 қола медальді қанжығамызға байладық, - деді ол.
Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді