Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыСербияның Суботица қаласында бокстан халықаралық турнир аяқталды. Аталған сында қазақстандықтар бес медаль жеңіп алды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Жастар арасындағы турнирге Қазақстаннан тоғыз спортшы қатысып, оның бесеуі жүлдеге ілікті.
Атап айтар болсақ, Дәулет Боранқұлов (51 келі), Рамазан Орынбасар (54 келі), Әділет Ерманов (54 келі), Жәңгір Алдаберген (67 келі) және Даниял Райымбеков (92 келі) турнирдің қола жүлдегерлері атанды.
Бес боксшы да жартылай финалда жеңіліс тапты.
Еске салайық, Сербиядағы халықаралық бәсекеге Қазақстан, Грузия, Әзербайжан, Словения, Австрия, Шотландия, Беларусь, Черногория, Босния және Герцеговина, Румыния, Латвия, Польша, Косово, Ресей және Сербиядан боксшылар қатысты.
Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді