10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыГвардейск гарнизоны танк бригадасының әскери қызметшілері танк жүргізуден практикалық сабақтарға кірісті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Бұған дейін олар танктің тактикалық және техникалық сипаттамаларын, оның құрылымын, техникалық қызмет көрсету тәртібін және пайдалану ерекшеліктерін үйренді.
Жауынгерлік машинаның құрылымын өзіңнің бес саусағыңдай білуің керек. Жауынгерлік тапсырманы сәтті орындау үшін оқ-дәрі ғана емес, сонымен қатар май, отын, салқындатқыш деңгейі де маңызды. Мұның бәрі танктің жауынгерлік сипаттамасына және қарқынды жұмыс жағдайында жұмыс істеу қабілетіне әсер етеді. Біз сарбаздарға машинаны басқаруды ғана емес, оны жауынгерлік іске сақадай сай қып ұстауды да үйретеміз, – деді рота командирі аға лейтенант Тұңғышбай Айтмұхан.
Тәжірибелік сабақтарда механик-жүргізушілер ойлы-қырлы жерлерде маневр жасау дағдыларын пысықтады. Табиғи және жасанды кедергілері бар 6 шақырымдық бағытты жүріп өтті.
Бұл менің жиырмасыншы жорығым. Сегіз айдың ішінде мен 140 шақырымнан астам жол жүрдім. Командирлерімізден көп нәрсе үйрендік, оларға көп рахмет, – деп бөлісті 21450 әскери бөлімі 1-ші танк батальонының механик-жүргізушісі қатардағы жауынгер Серікбол Талғат.
Дайындықтың келесі кезеңдерінде әскери қызметшілер кедергілі өткелдерден, еңістерден өтуді, көтеріліп түсу қозғалыстарын үйреніп дағдылануға кіріседі.
Сабақ барысында бөлімше командирлері сарбаздарға барынша білім беруге тырысады, ал сарбаздар техниканы пайдалану және қызмет көрсету кезінде тәлімгерлердің пәрмендерін нақты орындайды.
10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді