29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындыларыТуризм және спорт министрлігі «Олимп» спорттық-сауықтыру орталығы» ШЖҚ РМК қызметін қайта жандандыру мақсатында инвестор тарту бойынша жұмыстар жүргізді, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Ынтымақтастық туралы меморандумға туризм және спорт министрінің орынбасары Серік Жарасбаев пен инвестор өкілі қол қойды. Құжатта енгізілген өзгерістерге сәйкес, «Олимп» спорттық-сауықтыру орталығының жұмысын қайта бастау және оның құрылысын жүргізу көзделген.
Меморандумға сәйкес, орталықтың нысандары спорт түрлері бойынша ұлттық және республикалық құрама командаларды дайындау үшін басым тәртіппен пайдаланылады.
Жобаны іске асыру спортшыларымызды дайындауға қажетті жағдай жасап, жаттығу үдерісінің тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді, – деп атап өтті Серік Жарасбаев.
«Олимп» спорттық-сауықтыру орталығы Қырғыз Республикасының Ыстықкөл облысы аумағында орналасқан. Нысан 2006 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қырғыз Республикасының Үкіметі арасындағы Ыстықкөл облысы аумағында орналасқан курорттық-рекреациялық шаруашылық объектілеріне Қазақстан Республикасының меншік құқығын реттеу туралы келісім негізінде жұмыс істейді.
Қазіргі уақытта нысанды екі мемлекеттің аумағында қайта тіркеу жүргізілді, сондай-ақ орталықтың инфрақұрылымын жобалау мен қалпына келтіру бойынша дайындық жұмыстары басталды.
29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек