29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындыларыҚазақстанда кәсіби футбол клубтарын жекешелендіру үдерісі 2026 жылдың наурызына дейін толықтай аяқталуы тиіс. Бұл туралы Спорт және туризм вице-министрі Серік Жарасбаев Мәжіліс отырысынан кейін журналистердің сұрақтарына жауап беру барысында мәлімдеді, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Вице-министрдің айтуынша,vемлекет басшысы өткен жылдың наурызында өткен Ұлттық құрылтайда кәсіби футбол клубтарын жекешелендіру және олардың қызметін коммерцияландыру жөнінде нақты тапсырма берген. Қазір сол бағытта жүйелі жұмыс жүргізіліп жатыр.
Премьер лигада ойнап жүрген 14 кәсіби клубтың бесеуі қазірдің өзінде жекешелендірілді. Тағы екі клуб бойынша демеушілермен келіссөздер жүріп жатыр, - деді Серік Жарасбаев.
Оның сөзінше, елдегі ірі компаниялар футбол индустриясына қызығушылық танытып отыр. Алайда жекешелендіру тек клубты басқаруды жеке секторға беру арқылы шектелмейді. Инвесторлардың міндетіне клуб жанынан балалар футбол академияларын құру да кіреді.
Бұл талап барлық клубтарға қатысты қойылды. Жұмыс жоспарға сай жалғасып жатыр. Жалпы, 2026 жылдың наурызына дейін жекешелендіруді толық аяқтау міндеті тұр, - деп түйіндеді вице-министр.
Бұған дейін қарғандылық «Шахтер» футбол клубының жеке меншікке өткенін хабарлаған едік.
29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек