29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындыларыБүгін, 7 желтоқсанда, Дубайда (БАӘ) өтіп жатқан Халықаралық бокс қауымдастығы (IBA) ұйымдастырған 2026 жылғы әлем чемпионатында Қазақстан құрамасынан алғаш болып Оразбек Асылқұлов рингке көтерілді.
57 келі салмақ дәрежесінде сынға түскен Асылқұлов келесі кезеңге жолдаманы Кабо-Верде елінің өкілі Элизандру Саншеш да Силвамен таластырды. Қазақстандық боксшы айқын басымдықпен жеңіске жетіп, турнирді сәтті бастады.
Кешкі бағдарламада Ертуған Зейнуллинов Моңғолия боксшысы Даваадалай Алтангэрэлмен күш сынасады, ал Абылайхан Жүсіпов армениялық Арарат Арутюнянмен жұдырықтасады.
Айта кетсек, әлем чемпионаты 13 желтоқсанға дейін жалғасады. Биылғы бәсекенің жалпы жүлде қоры – 8,32 миллион доллар.
29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек