8 Маусым, 16:10
Жолы болмаған чемпион: Германияға 30 жылдан кейінгі жеңісті сыйлаған Зверев кім?Қазақстандық эстрада жұлдыздары сахнадан гөрі, тойдан көбірек табыс табады. Бір кеште миллиондап қаламақы алатын әншілердің гонорары елдегі орташа айлықтан он есе жоғары. El.kz интернет порталының тілшісі еліміздің шоу-бизнес өкілдерінің тойдағы табысына шолу жасады.
Отандық шоу-бизнестегі ең табысты әншілердің бірі – Қайрат Нұртас. Оны тойыңызға шақырғыңыз келсе, кемінде 5 миллион теңге керек. Көпшіліктің пікірі әртүрлі болғанымен, сұраныс пен табыс жағынан оқ бойы озық тұр.
Белгілі дуэттің орташа гонорары – 2,5 миллион теңге. Бұл сомаға олар жас жұбайларды ортаға алып шығып, бірнеше танымал әндерін орындайды. Сонымен қатар, тұсаукесер рәсімі үшін 2 миллион теңге алады. Бағаға жолақы мен қонақүй де кіреді.
Оның тойдағы өнерін көру үшін кем дегенде 1,5 миллион теңге керек.
Қыз ұзату саласында сұранысқа ие әншілердің бірі. Ол 1 миллион 200 мың теңгеге ұзатылар қызды ортаға алып шығып, үш рет сахнаға шығып өнер көрсетеді.
Қызды ортаға алып шығу рәсімі – 800 мың теңге, ал толық бағдарлама – 1,2 миллион теңге.
Наркенже Серікбаева да қыз ұзататын әншілердің қатарында. Шымкенттен арнайы келіп, ұзату рәсімін жүргізуі – 1,5 миллион теңге тұрады.
Той сахнасының тағы бір белсенді өнерпазы – Нұрлан Еспанов. 1 миллион 200 мың теңгеге тойда қонақ болып, бірнеше әнін орындайды.
Қайрат Нұртастың ата-анасы тойда өнер көрсетіп жүргеніне біраз уақыт болды. Әсіресе Гүлзира Айдарбекова қыз ұзату салтанатында жиі көрінеді. Оның сыңсу айтып, қалыңдықты шығарып салуы – 1,5 миллион теңге.
Дуэтті шақыру құны – 2,5 миллион теңге. Егер шара басқа қалада өтсе, тапсырыс беруші жол және қонақүй шығындарын бөлек төлейді.
Қаржыгерлердің бағалауы бойынша, отандық әншілердің жылдық табысының 70–80% тойдан келеді.
Арнайы жазылған тойға арналған әндер – хит болуға емес, сұранысқа ие болуға бағытталған. Сондай-ақ әр әншінің жеке райдері (талаптар тізімі) бар: ұшақ билеті, VIP қонақүй, сахналық жабдық және жеке визажистке дейін қарастырылған.
Той – мәдениеттен бұрын бизнеске айналды. Қазақстанда сахналық танымалдылық пен әлеуметтік желідегі белсенділік әншіге сұраныс пен табыс әкелетін негізгі құрал болып отыр. Қымб Әнші болу – тек өнер емес, бизнес. Әннің сапасы емес, сұранысы маңызды. Тыңдарман тойда тыңдайтын әнді іздейді, ал әнші соған сай ән жазады. Бұл – бүгінгі күннің шоу-бизнес заңы. Қымбат баға – сапаның емес, сұраныстың көрсеткіші.
8 Маусым, 16:10
Жолы болмаған чемпион: Германияға 30 жылдан кейінгі жеңісті сыйлаған Зверев кім?2 Маусым, 18:20
Ушу-саньда төңірегіндегі у-шу: Нұрсұлтан Тұрсынқұлов стипендия ала алмай жүр22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алды20 Мамыр, 08:00
Хусановтың өзі сұхбатқа келді | «Ордабасы» чемпион болмайды | «Барсаның» фанаты емеспін