20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекӘйелін өлтіргені үшін сотталған экс-министр Қуандық Бишімбаевтың ісінде мемлекеттік айыптаушы болған прокурор Айжан Аймағанова көпшілікке жан сырын ақтарды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Көп нәрсені көңілдегін сіздерге шығарайын деп едім, жүрегіме сыймай жүр. Осы жарты жылда өмірге деген көзқарасым күрт өзгерді - мен көпшілікке танымал болдым. Осы жағдай мені қынжылтады. Шынында, мен көпшілікке танымал болуға ешқашан тырыспаған адаммын, ол үшін жанымды салып, жарқырап жүруге ешқандай құмарым да, құлқым да жоқ. Абай айтқандай, «өзіңде бармен көзге ұрып, артылам деме өзгеден». Бірақ өмір өз ережелерімен жүргізеді екен. Осы таныстықтың арқасында көмек сұрағандар да бар, біреулеріне шама жетіп жатса, өкінішке орай, көмек бере алмай жатқан жағдай да бар. Шама жетпейді, ол маған да оңай тимейді. Әрине, бәріміздің көзқарасымыз әртүрлі, бәрімізді біріктіретін нәрсе - адам болуға ұмтылыс. Пост жазбай тұрып, көп толғанамын, ойланамын, өз-өзімді сынаймын, сіздердің сынды қабыл аламын. Бірақ, шынымды айтсам, пост жазып, масаттана қоймаймын. Барды бардай, жоқты жоқтай қабылдауды өмір өзі үйретті, - деп жазды прокурор Айжан Аймағанова.
Айта кетейік, Республика күні мерекесіне орай Бас прокуратура қызметкерлерді марапаттады. Олардың қатарында бұрынғы министр Қуандық Бишімбаевтың ісіне қатысып, танымал болған Айжан Аймағанова мен Саяхат Нұрбеков те бар.
Бас прокурордың ұсынуымен мемлекет басшысы қос прокурорды мемлекеттік наградалармен, оның ішінде "Ерен еңбегі үшін" медалімен марапаттады.
20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?