29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындыларыҚостанай облысының Жітіқара қаласында өрттен әйел екі ересек баласы және немересімен мерт болды, деп хабарлайды El.kz сайты облыстық Төтенше жағдайлар депортаментіне сілтеме жасап.
20 маусымда сағат 01:54-те Жітіқарадағы №12 өрт сөндіру бөліміне Комсомольская көшесінің бойында тұрғын үйден өрт шыққаны туралы хабар түскен. Куәгерлер 102 қызметіне қоңырау шалып, тұрғын үйдің өртеніп жатқанын хабарлаған.
– 50 шаршы метр аумақта ағаш дәліз, кіреберіс пен үй төбесінің жабындысы толықтай жанған. Өрт 02:26-да ауыздықталып, 02:54-те сөндірілді. Өрт сөндіру кезінде оқиға орнынан 63 жастағы үй иесі әйелдің 39 және 36 жастағы ұлы мен қызының және 2 жасар немересінің мәйіті табылды. Өрттің неден шыққаны анықталып жатыр, - деді ТЖД.
Оқиға орнында тергеушілер мен облыстық ТЖД мамандары жұмыс істеп жатыр.
29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек