29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындыларыӨскемен қаласында биыл 78 жаяу жүргіншіні көлік қағып кеткен. Бұл туралы Kazinform-ға сілтеме жасай отырып El.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Қалалық полиция басқармасының мәліметіне сүйенсек, жыл басынан бері Өскеменде 220 жол-көлік оқиғасы тіркелген. Соның салдарынан 6 адам көз жұмып, 265 адам түрлі дене жарақатын алған.
Сондай-ақ 78 жаяу жүргіншіні көлік қағып кетті. Оның үшеуі көз жұмаған. Оқыс оқиғалардың 80 пайызы жаяу жүргіншілер өткелінде тіркелді. Ал қалған жағдайларда азаматтар жолды рұқсат етілмеген жерден кесіп өткен.
Жол апаттарының көбісі жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзудың салдарынан болады. Атап айтқанда, жол қиылыстарынан, жаяу жүргіншілер өткелінен өту ережелерін бұзу, қашықтықты сақтамау және маневр жасау ережелерін бұзу. Сондықтан жүргізушілерге және жаяу жүргіншілерге барынша абай болу қажеттігін ескертеміз, - делінген ақпаратта.
29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек