Кеше, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келдіӨскеменде 27 жасар жігіт үш туысын балталап өлтіріп, қылмыс ізін жасыру үшін үйді өртеп кетті деген күдікке ілінді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
"Криминалды Қазақстан" Telegram-арнасының жазуынша, жантүршігерлік қылмыс 30 қаңтарда болған. Өскемен қаласындағы жеке тұрғын үйде өрт шығып, оны сөндірілгеннен кейін жертөледен үш адамның жартылай күйген денелері табылды. Қаза болғандар – 76 жастағы үй иесі, оның 69 жастағы азаматтық жұбайы және олардың 51 жастағы туысы. Сараптама нәтижесі бойынша марқұмдардың басы шабылғаны анықталған.
Полиция қызметкерлері оқиғаның алкогольдік ішімдік ішу кезіндегі жанжал салдарынан болғанын анықтады. 27 жастағы күдікті ұсталды. Тергеу мәліметінше, ол қылмыстың іздерін жасыру мақсатында жәбірленушілердің денесін жертөлеге түсіріп, үйді өртеп жіберген. Күдіктінің марқұмдардың туысы екені белгілі болды.
Адам өлтіру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті қамауға алынды. Полиция қылмыстың барлық мән-жайы мен себептерін жан-жақты және объективті зерттеу үшін қажетті тергеу әрекеттерін жүргізуде. Тергеу барысы ШҚО ПД басшылығының жеке бақылауында," – делінген полиция мәліметінде.
Кеше, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады