Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыӨскемен қаласында көлік жүргізіп келе жатып ұйықтап кеткен ер адам көпқабатты үйдің есігіне соғылды, деп хабарлайды Еl.kz ақпарат агенттігі.
ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметі жол-көлік оқиғасы 20 мамырда түнгі уақытта қаладағы Гагарин бульвары көшесінде болғанын мәлімдеді.
Subaru Forester маркалы көлікті жүргізіп келе жатқан 35 жастағы жүргізуші кенет ұйықтап кетті. Соның салдарынан көлік жолдан шығып, №32 көпқабатты үйдің подъезіне соғылған. Абырой болғанда, жол апатынан ешкім зардап шеккен жоқ, - деп жазылған аталған ақпаратта.
Тәртіп сақшылары көлік жүргізушісіне қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 610-бабы 1-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырған.
Көлік соққысынан үйдің кіреберісінің күнқағары жерге құлап, есікті жауып қалған. Далаға шыға алмаған үй тұрғындары құтқарушыларға қоңырау шалған көрінеді.
Хабар түсе салысымен ТЖД қызметкерлері оқиға орнына келіп жетті. Гидравликалық құралдың көмегімен құлаған күнқағар жолдан алынып тасталды, - деп хабарлады облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіндегілер.
Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді