20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекШҚО ТЖД құтқарушылары суға батып бара жатқан адамды құтқарып қалды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Өскемен қаласында "Восточник-3" саяжай қоғамы ауданында куәгерлер ер адамды Ертіс өзенінде ағын алып кеткенін байқап, бірден хабар берген. Оқиға орнына ШҚО ТЖД Жедел-құтқару жасағының қызметкерлері қайықпен келіп жетті.
Ер адамды құтқарушылар дер кезінде судан алып шықты. 1987 жылы туған азамат құтқару станциясына жеткізіп, жедел жәрдем дәрігерлеріне табысталған.
Бұл ретте өңірдің ТЖД судағы қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауды еске салады. Сонымен қатар, арнайы жабдықталмаған орында шомылуға болмайтынын ескертіп, мас күйде суға түсуге болмайтынын қаперге ұсынады.
20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?