13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңызӨскеменде студент Үлбі өзеніне батып кете жаздаған бес жасар баланы құтқарып қалды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
2025 жылдың 13 мамырында Шығыс Қазақстан облысында Үлбі өзенінде суға батып бара жатқан 5 жасар баланы студент Ерасыл Омарханов құтқарып қалды. Бұл туралы Шығыс Қазақстан облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі хабарлады. Ерасыл Омарханов баланың өзенде суға кеткенін кездейсоқ байқап, көмекке ұмтылған. Белгілі болғандай, бала әпкесімен бірге өзен жағасында серуендеп жүрген кезінде суға құлап, қатты ағыс оны алып кеткен. Абырой болғанда, сол сәтте Ерасыл оқиға орнында болып, уақытылы әрекет етіп, бүлдіршінді аман алып қалды.
Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, Ерасыл Омарханов — Қазақстан-Америка Еркін университетінің студенті. Ол жасаған ерлігін ерекше санамайтынын және мұндай әрекетті кез келген адамның істей алатынына сенімді екенін айтты.
Шығыс Қазақстан облысының құтқарушылары ата-аналарды балаларды су айдындарының маңында қараусыз қалдырмауға шақырады.
13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңыз11 Қыркүйек, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керек11 Қыркүйек, 09:00
«Ұял» дегенде бетін басады: Челси есімді ит қазақша бұйрықтарды қалай үйренді?10 Қыркүйек, 12:44
«Маугли қыз»: 17 жастағы қырғыз қызының ерекше қабілеті көпшілікті таңғалдырды