20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекПолиция Өскеменде өткен облыстық дзюдо жарысы кезінде болған жанжалдың мән-жайын анықтап жатыр, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Әлеуметтік желілерде тараған видео қоғамда үлкен резонанс тудырды. Кадрларда қақтығыстың қалай басталғаны анық көрінбейді. Дегенмен кейбір желі қолданушыларының айтуынша, төбелеске ата-аналар, жаттықтырушылар және спортшылар қатысқан, ал бір бапкер ауыр жарақат алған деген ақпарат тараған.
Өскемен қалалық полиция басқармасы бұл ақпаратты шындыққа жанаспайды деп мәлімдеді. Ведомствоның айтуынша, жанжал екі адамның арасында ғана болған.
Оқиғаға қатысы бар барлық тұлға анықталып, полиция бөлімшесіне жеткізілді. Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу басталды. Болған жағдайдың барлық мән-жайын толық әрі объективті анықтауға бағытталған тергеу әрекеттері жүргізілуде. Өзге мәліметтер тергеу мүддесіне байланысты жарияланбайды, – делінген ресми хабарламада.
Тергеушілер қатысушылар мен куәгерлерден түсініктеме алып, бейнебақылау жазбаларын зерттеп жатыр. Қазіргі уақытта жарақат алғандар туралы ресми ақпарат түспеген.
20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?