Кеше, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлікӨскемен қаласында шағын автобустан заңсыз тасымалданған 3,5 тонна спирт тәркіленді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
ШҚО төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, тәртіп сақшылары құрамында спирті бар ерітінді партиясын заңсыз тасымалдау фактісін анықтады.
Өскеменде полиция қызметкерлері 41 жастағы ер адам тізгіндеген «Hyundai» маркалы шағын автобусты тоқтатқан. Тексеру кезінде спирт құйылған 739 пластикалық бөтелкені тапқан. Тәркіленген заттар ары қарай тексеру үшін сараптамаға жолданды, - делінген ақпаратта.
Департамент қызметкерлері тұрғындарға құрамында сапасына ешкім кепілдік бермейтін спирті бар өнімдерді тұтыну денсаулыққа үлкен қауіп төндіруі мүмкін екендігін еске салады.
Кеше, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер