10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыШҚО полицейлері көпірден өзенге құлап кеткен ер адамды құтқарды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
ІІМ мәліметінше, түн ортасында Өскемен тұрғындары полицияға Үлбі көпірінен өзенге құлаған ер адам туралы хабарлады. Оқиға орнына патрульдік полицейлер Азамат Жылқышынов пен Бекарыс Абдолданов жедел жетті.
Өзенге құлап кеткен азамат адамдарды көмекке шақырған.
Қатты ағыс салдарынан оған жүзіп жету мүмкін болмады, сондықтан біз құтқару құралдарын лақтырып, жағаға шығардық, — деді полиция қызметкерлері.
Полиция қызметкерлерінің жедел әрекетінің арқасында ер адам аман-есен құтқарылды. Оның абайсызда құлап кеткені анықталды. Жәбірленуші дәрігерлерге тапсырылды.
10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді