Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыӨскеменде әскери қызметшілер Ұлы Отан соғысының қатысушысы, көзі тірі аңыз адам және өскелең ұрпақ үшін батырлықтың үлгісі Макар Харинді 99 жасқа толған күнімен құттықтады, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Майдангерді құттықтау үшін үйіне Өскемен қаласындағы қорғаныс істері жөніндегі басқармасының өкілдері мен Қарулы күштердің ардагерлері барды. Туған күн иесіне Қорғаныс министрінің атынан құттықтау хаты табыс етілді.
Макар Харин сынды азаматтардың ерлігі – ел үшін ерен. Біз жеңіске жеткен ата-бабаларымызды мақтан тұтамыз және олардың жеңіс пен бейбіт өмірге қосқан үлестерін ешқашан ұмытпаймыз. Ардагерімізге зор денсаулық пен ұзақ ғұмыр тілейміз, – деді Шығыс Қазақстан облысы қорғаныс істері жөніндегі департаментінің ардагерлермен жұмыс жөніндегі инспекторы, запастағы подполковник Дәулетхан Қасенов.
Соғыс ардагерін құттықтап барушылар Макар Харинге даңқты жолы үшін алғыс білдіріп, оның өмірі нағыз патриотизм мен азаматтық жауапкершіліктің үлгісі екенін атап өтті.
Макар Харин 1926 жылы тамызда Алтай өлкесі Чарыш ауданы Маралиха ауылында дүниеге келген. 1943 жылы ол кеңес армиясының қатарына шақырылып, әскерге жіберілді. Әскерде ол 52-ші гвардиялық атқыштар дивизиясының 153-ші гвардиялық атқыштар полкінде мина атқыш болды. Ленинград және Балтық майдандарындағы шайқастарға қатысты. 1944 жылы ауыр жарақат алып, әскерден босатылды.
Майданнан оралғаннан кейін туған ауылында еңбек етіп, мал шаруашылығымен айналысты, кейін облыстың құрылыс комбинатында және газ шаруашылығында жұмыс істеді. Көрсеткен ерлігі мен жанқиярлығы үшін II дәрежелі Отан соғысы орденімен және "1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы Германияны жеңгені үшін" медалімен марапатталған.
Қазіргі уақытта Макар Харин Өскемен қаласында тұрады.
Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді