20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекӨскеменде Ақтан Нұрбаев атындағы облыстық ақындар мектебінің ашылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Тұсауы кесілген бұл мектеп айтыс өнеріне ден қойған дарынды жастардың басын қосып, бағыт-бағдар беруді, жаңа таланттардың қалыптасуына ықпал етуді көздейді. Ақтан Нұрбаев Кеңес дәуірінде өңірімізде айтыс өнерін дамытуға атсалысқан белді ақындардың бірі. Сондықтан оның есімін иеленген ақындар мектебі қазақтың суырыпсалма өнерін жаңа деңгейге көтермек.
Ақындар мектебінің ашылуына қазақ айтысының қара нары, ақын, қоғам қайраткері Жүрсін Ерман бастаған ақындар қатысты. Салтанатты шарада сондай-ақ Парламент Мәжілісінің депутаты, айтыскер ақын Аманжол Әлтай, Мемлекеттік сыйлықтың иегері, ақын Ұлықбек Есдәулет, белгілі публицист Әлібек Қаңтарбаев, республикамызға танымал айтыскерлер Серікзат Дүйсенғазы, Жанарбек Әшімжан, Дәулет Сметов, Абаш Кәкенов, сондай-ақ Ақтан ақынның ұрпақтары, зиялы қауым өкілдері болды.
Облыстық мәдениет басқармасының бастамасымен ашылған ақындар мектебі Өскемен және облыс көлеміндегі ақындыққа бейім жастарды суырыпсалма өнерге баулып, поэзия мен мәнерлеп оқуға машықтандыруды, сондай-ақ жас таланттарға шығармашылық бағыт-бағдар беруді мақсат етеді.
Ақындар мектебін ашудағы негізгі мақсат – ұлттық өнерді дәріптеу, жастарды айтыс өнеріне баулу, қазақ поэзиясының жаңа буынын қалыптастыру, - деді салтанатты жиында жазушы, публицист Әлібек Қаңтарбаев.
Ақындар мектебі А.С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасында орналасқан. Оның ашылуына Ақтан Нұрбаевтың ұрпақтары, оның ішінде Ержан Нұрбаев демеушілік жасады. Бұл игілікті іс «Қара сөздің қарагері – Қалихан» атты республикалық ақындар айтысымен жалғасты. Ал жаз айларында Қалихан Ысқақ пен Дидахмет Әшімханұлының туған жері – Катонқарағай ауданында ауқымды республикалық шаралар өтпек.
20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?