Бүгiн, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыӨскемен қаласында тоғызыншы қабаттан секірмек болған әйел құтқарылды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
ШҚО төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, құтқарушыларға жібек маталар комбинаты ықшам ауданындағы көпқабатты тұрғын үйдің 9 қабатында әйел адамның секіргелі тұрғаны туралы хабар түсті.
Оқиға орнына шұғыл келіп жеткен төтенше жағдай департаментінің мамандандырылған жасақ қызметкерлері балкон терезесінен аяғын төменге салбыратып отырған әйелді көреді. Дереу балкон астына «өмір кубы» деп аталатын жұмсақ қорғаныш құралын орнатты, - делінген ақпаратта.
Сол уақытта құтқарушылардың басқа бір бөлігі автосаты арқылы көтеріліп, әйелді ұстап алды да ішке кіргізді.
Департаменттің жедел құтқару жасағының психологы 34 жастағы әйелмен сөйлесіп көрді. Оның суицид жасауға ниеттенуіне күйеуімен арада болған жанжал себеп болған.
Бүгiн, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыКеше, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді