Оскардан үміткерлер кімді ойнады?

3 Наурыз 2014, 05:34

Биылғы үміткер фильмдердің басым бөлігі өмірде болған оқиғаларға негізделген картиналар. Демек, актерлық шеберлігі үшін Оскар алатын мықтылар өмірде болған адамдарды сомдады деген сөз...

Күллі ғалам тағатсыздана күткен «Оскардың» 86 салтанатты кеші қазір Лос-Анджелесте өтіп жатыр. Біз бұл жолдарды жазып жатқанда Оскар жаңа иелерін тауып жатуы да мүмкін. Биылғы Оскардан үміткер фильмдердің басым бөлігі өмірде болған оқиғаларға негізделген картиналар екен. Демек, актерлық шеберлігі үшін Оскардан үміттеніп отырған мықтылар өмірде болған адамдарды сомдады деген сөз...

Мархаббат, үміткерлер мен «Оскар» алуға себеп болған нағыз адамдар:

1) Чиветел Эджиофор Соломон Нортаптың басынан кешкен жағдай туралы түсірілген «12 жылдық құлдық» фильмінде басты рөлде ойнады. Соломон Нью-Йоркте туған афро-америкалық еркін адам. Оны көшеден ұрлап әкетіп, құлдыққа сатады. Байғұс Соломон 12 жыл бойы құлдық қамытын киіп, кісі төзгісіз азапты өмір кешеді... Отбасымен 12 жылдан кейін қауышқан сәтін көру үшін ғана қарауға тұрарлық мықты картина.

2) Кристиан Бейл «Америкалық айла шарғы» фильмінде Ирвинг Розенфельдтің рөлін ойнады. Кинода сомдалған алаяқтың өмірдегі есімі Мел Уайнберг.  Ол алаяқтығымен қатар федералды барлау басқармасының тыңшысы болған. Атышулы, ақшаың көлеңкелі айналымымен басталып саясатқа тірелген «Абскам» операциясында басты рөлді ойнаған.

3) Том Хэнкс! «Капитан Филлипс» фильміндегі басты рөлі Хэнкс қарт ойнаған рөлдердің ішіндегі биігі. «Maersk Alabama» жүк кемесінің капитаны Ричард Филлипсті 2009 жылы Сомали теңіз қарақшылары тұтқынға алған. Кемені басып алған 4 қарақшылар, кемеден кетерде капитанды да өздерімен ала кетеді. "Алабаманың" экипажының қолынан капитанды ұрлап алып бара жатқан құтқару қайығының соңынан еріп отырудан басқа ештеңе келмейді. Әскери кеме мен тікұшақпен түсірілген арнайы жасақтың арқасында ғана, көптеген қиындық көрген капитан Рич  аман есен Америкаға оралады.

4) Мэттью Макконехи «Далласс сатып алушылар клубы» фильмінде Рон Вудруфтың рөлін ойнаған. 1986 жылы Ронға аса қатерлі СПИД диагнозы қойылады. Рон тағдырына мойынсұнғанымен қызық ойын бастайды... Ол заңсыз жолмен таралатын, СПИД ке қарсы дәрі дәрмек сататын клуб құрады... Әрине, сатып алушылар да аз болмайды...

5) Джуди Денч «Филомена» фильмінде Филомена Ли рөлін сомдады. 18 жасында жүкті боп қалған Филомена ұлын басқа біреуге беруге мәжбүр болады. Арада 50 жыл өткенде британ журналисінің көмегіне жүгінген ол ұлын іздей бастайды...

6) Леонардо Ди Каприо  «Уолл-Стрит көкжалы» картинасында Джордан Белфорт рөлін ойнады. Джордан Белфорт – бас айналдырар табысқа көлеңкелі жолмен жеткен брокер. Ол жазған «Уолл-Стрит көкжалы» естелік кітабының желіс бойынша түсірілген фильмде ақша, есірткі және әйелдер туралы баяндалады...

bigpicture.ru

Ел Тұтқа, El.kz ӘЖ

Бөлісу: