19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?Орталық сайлау комиссиясы ҚР Парламенті Сенатының депутаты Дархан Қыдырәліні тіркеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Белгілі болғандай, 26 қыркүйекте Нұрлан Әбдіровтің төрағалығымен Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының отырысы өтіп, «Қазақстан Республикасы Президентінің 2023 жылғы 26 қыркүйектегі № 360 Жарлығымен тағайындалған Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты Д.Қ. Қыдырәліні тіркеу туралы» қаулы қабылданды.
«Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 24-бабының 1-тармағына сәйкес және Қазақстан Республикасы Президентінің «Д.Қ. Қыдырәліні тағайындау туралы» 2023 жылғы 26 қыркүйектегі № 360 Жарлығының негізінде Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы қаулы етті:
ОСК төрағасы Нұрлан Әбдіров 27 қыркүйекте Дархан Қуандықұлына белгіленген үлгідегі куәлік пен омырауға тағатын белгіні табыстау барысында депутаттың өкілеттігі Орталық сайлау комиссиясы оны тіркеген сәттен басталатынын атап өтіп, оған ҚР Парламенті Сенатының депутаты ретіндегі жұмысына сәттілік тіледі.
19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары