Бүгiн, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болдыОрталық сайлау комиссиясы Президент сайлауының алдын ала нәтижесін жариялады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Қазіргі уақытта еліміздің барлық өңіріндегі сайлау учаскелері және шетелдегі пунктердегі санау жұмысы аяқталды.
«Дауыс берген қазақстандықтардың жалпы саны11 953 465 адам. 8 300 046 адам дауыс беруге арналған бюллетендерді алды. Дауыс беру күні сайлау учаскелерінде 11 мыңннан астам байқаушылар мен кандидаттардың сенім білдірген өкілдері отырды. Шетелден келген 641 байқаушы қатысты. 15,5 мыңнан аса саяси байқаушылар, 30 мыңнан астам қоғамдық байқаушылар жұмыс істеді», - деді Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров.
Сайлау учаскелерінде 1225 бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері, 23 елден 106 аккредиттелген журналистер қатысып, сайлау барысын жария етіп отырғанын атап өтті. Сайлау бюллетендерінде 6 кандидатпен қатар, барлығына қарсымын нұсқасы да болды.
Орталық сайлау комиссиясына келіп түскен ақпаратқа сәйкес сайлаушылардың дауыстары: Қарақат Әбден – 206 206 адам Нұрлан Әуесбаев – 176 116 адам Жигули Дайрабаев – 271 641 адам Мейрам Қажыкен – 200 907 адам Қасым-Жомарт Тоқаев – 6 456 392 адам Салтанат Тұрсынбаева – 168 731 адам Барлығына қарсымын – 460 484 адам.
Бүгiн, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болдыКеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыКеше, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?18 Қазан, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталды