ОСК Нұржан Әлтаевты кандидат ретінде тіркеуден бас тартты

21 Қазан 2022, 18:44 1250

Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясының отырысында мәлім етті

Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясының 21-ші отырысында айтылды, деп хабарлайды El.kz.

Нұржан Әлтаев 2022 жылдың 6 қазанында “Мұқалмас” үкіметтік емес ұйымының атынан президенттікке кандидат ретінде ұсынылды.

ҚР Орталық сайлау комиссиясы ҚР “Сайлау туралы” заңының талаптарына сәйкес емес деп танылды. Бұл туралы арнайы қаулыға қол қойылып, хаттама толтырылды.

Миражан Махан
Бөлісу: