20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекЖақында ТМД көлемінде танымал әнші Тамара Гвердцители концерттік турмен Нью-Йорктің Бруклин штатында орыс тілді тыңдармандары алдында өнер көрсетті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Аталған кеште әнші орыс тілінде ән айтудан бас тартты. Бұл әрине орыс тілді тыңдармандарға ұнаған жоқ. Тіпті, наразылықтарын білдіріп жатты.
Концертте болған көрермендердің басым көпшілігі Ресейден келген эмигранттар. Орыс тілде ән шырқалмаған камералық қойылымннан кейін, тыңдармандар бұл туралы әлеуметтік желіде жарыса жазды.
«Бүгін ата-анамды Гвердцителидің концертіне апардым. Орыс тілінде бірде-бір ән айтқан жоқ. Қателеспесем, грузин мен украин тілінде ән айтты. Көңіліміз толмады», «Ақша керек болған кезде Ресейге барып, әлі-ақ орыс тілінде сайрайды. Тамараны ақылды деп ойласам, жаңылыппын...», «Жарнама орыс тілінде болды. Одан бөлек, әншінің қай тілінде ән шырқағанын жақсы білеміз. Түк түсінсем бұйырмасын», - деген пікірлер бар.
Айта кетейік, әнші Тамара Гвердцители концерті билеттерінің бағасы 75 доллардан 125 долларға дейін болды.
20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?