Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекАлдағы тәулікте Орынборда 2 мыңға жуық тұрғын үйді су басуы мүмкін. Орал және Самара өзендеріндегі су деңгейі 5-тен 40 см-ге дейін көтеріледі деген болжам бар, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Қала билігінің мәліметінше, 10 қала округі мен муниципальді аудандар су астында қалуы мүмкін.
Құтқару қызметтері су басқан аймақтардан адамдарды эвакуациялау жұмыстарын жүргізіп жатыр. Қазіргі уақытта 6 мыңнан астам адам, оның ішінде 1,5 мыңға жуық бала эвакуацияланды. Зардап шеккендерге 31 уақытша орналастыру пункті ұйымдастырылды.
Бұған дейін Самара облысындағы Волга өзенінде дамба жарылған болатын. Салдарынан Тольятти қаласы мен Ставрополь, Сергиевск, Пестравск, Большечерниговский, Большеглушицкий, Кинель – Черкасск, Елховский, Волжский, Нефтегорский, Красноармейский, Красноярский және Борский секілді 12 аудан су астында қалды.
В Самарской области прорвало плотину на Волге. Идет затопление города Тольятти и 12 районов: Ставропольском, Сергиевском, Пестравском, Большечерниговском, Большеглушицком, Кинель – Черкасском, Елховском, Волжском, Нефтегорском, Красноармейском, Красноярском, Борском районах. pic.twitter.com/N0HtfpG7qk
— миллиард казахстанцев (@S8gy2AEgVRHyS2Q) April 9, 2024
Естеріңізде болса, 5 сәуір күні Орынбор облысының Ор қаласында дамба екі жерінен жарылған еді. Билік шұғыл түрде тұрғындарды қауіпсіз жерге көшірді. Көптеген үй мен ғимараттар су астында қалған.
Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекКеше, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?