10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыШығыс Қазақстан облысында жер үйлерде өрттің алдын алуға бағытталған рейдтер жалғасып жатыр, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, тексерулердің басты мақсаты – жеке тұрғын үй секторларында өрт санын азайту және адам өлімінің алдын алу.
«Шығыс Қазақстанда ауқымды өрт қауіпсіздігі айлығы өткізілді. Соның барысында жергілікті атқарушы органдар, еріктілер мен түрлі қауымдастық мүшелерінің қатысуымен бірқатар жұмыстар атқарылды. Атап айтқанда, тұрғын үйлерді аралау, рейдтер, нұсқаулықтар өткізу және әлеуметтік тұрғыда осал жанұяларға көмек көрсету сияқты іс-шаралар жүргізілді», – делінген хабарламада.
Барлығы 42 000 үй қамтылды. Ұлан және Глубокое аудандарында көпбалалы және аз қамтылған отбасылардың пештеріне жөндеу жұмыстары жүргізілді.
«Облыс бойынша үйлерге жалпы саны 500-ге жуық улы газды анықтайтын датчиктер орнатылды», – делінген ақпаратта.
Құтқарушылар пештегі саңылаулар, тазаланбаған мұржа және электр жүйелерінің шамадан тыс жүктемелі – өрттердің негізгі себептері екендігін түсіндірді. Азаматтарға тозған электр құралдарын пайдаланбау қажеттігі ескертілді.
10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді