Бүгiн, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекҚР ІІМ заңнаманы жетілдіруде. Жылдамдықты 60 км/сағ және одан жоғары арттырғаны үшін неғұрлым қатаң жауапкершілік енгізілді, енді 40 АЕК мөлшерінде айыппұл салынады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы Қайсар Сұлтанбаевтың сөзінше, қазірдің өзінде 15 мыңға жуық құқық бұзушылық анықталды және орташа жылдамдықты бақылау жүргізіліп жатқан қала маңындағы трассаларда автомобильдер ағынының жылдамдығы төмендеген. Ол 1 қаңтардан бастап жеке тасымалдаушыларға жаңа талаптар күшіне енгенін еске салды. Бақылау интернет-платформалардың иелеріне жүктеледі. Сонымен қатар электросамокаттарды есепке алу мүмкіндіктері; тротуарлар бойынша олардың қозғалысына шектеулер енгізу; медициналық қарсы көрсетілімдер болған кезде жүргізуші куәлігінің қолданылуын тоқтата тұру сияқты мәселелер қарастырылып жатыр.
Қарсы қозғалыс жолағына шыққаны үшін 6 айға жүргізуші куәлігінен айыру көзделген, ал егер бұл әрекеттер жол көлік оқиғаға әкеп соқтырса, онда 20 АЕК мөлшерінде айыппұл немесе 6 айға жүргізуші куәлігінен айыру қарастырылған. Енді жазаны теңестіру мақсатында, егер қарсы жолаққа шығу жол-көлік оқиғасына әкеп соқтырса, онда бұл үшін жүргізушілер 9 айға құқығынан айырылады, - деді спикер ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында.
Бүгiн, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекБүгiн, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болдыКеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыКеше, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?