Кеше, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлікОрталық сайлау комиссиясы Вера Кимді Парламент Мәжілісінің депутаты ретінде тіркеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
ҚР ОСК таратқан мәліметке сәйкес, Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіровтің жетекшілігімен ведомство отырысы өтіп, онда «Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты В.А. Кимді тіркеу туралы» қаулы қабылданды.
ҚР Парламенті Мәжілісі депутатының бос мандаты «Amanat» партиясы» қоғамдық бірлестігінің мүшесі Вера Александровна Кимге берілсін, - делінген қаулыда.
Депутаттың өкілеттігі оны Орталық сайлау комиссиясы тіркеген кезден басталатыны атап өтілді.
Вера Александровна Ким 1982 жылы Павлодар облысында дүниеге келген.
2003 – 2012 жылдар аралығында Павлодар қалалық әлеуметтік-волонтерлік орталығында, «Әлеуметтік-волонтерлік орталығы» жастар қоғамдық бірлестігінде, «Қазақстанның Азаматтық альянсы» заңды тұлғалар бірлестігінде түрлі қызмет атқарды.
2012 жылы «Ұлттық волонтерлік желісі» заңды тұлғалар бірлестігінің төрағасы.
2017-2021 жылдары «Zhasproject» жастар корпусын дамыту жобасының үлестіру агенттігінің басшысы.
2021 – 2023 (қаңтар) жылдар аралығында – «Amanat» партиясы атынан Мәжілістің VII шақырылым депутаты.
Кеше, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер