Бүгiн, 12:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлікОрталық Азияның қауіпсіздігін және тұрақтылығын қамтамасыз ету – басты міндеттің бірі. Бұл туралы Қасым Жомарт Тоқаев «Орталық Азия – Қытай» саммитінде айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Президент бұл міндетті орындауға Қытайдың зор үлесі барын еске салды. Бейжіңнің барлық елдің аумақтық тұтастығын және егемендігін сақтауға қатысты ұстанымына да оң баға берді. Қасым-Жомарт Тоқаев осы орайда Орталық Азияның әрі қарай да ынтымағы жарасқа аймақ ретінде дамуы керектігін тілге тиек етті.
Қазақстан да Қытайдың Орталық Азияға қатысты жүргізіп отырған бейбіт сыртқы саясатын құптайды. Біз Бейжіңнің тұрақты дамуға және қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған бастамаларын қолдаймыз. Орталық Азияның қашан да ынтымағы жарасқан, жасампаз аймақ ретінде дамығанын қалаймыз. Осы өңірді геосаяси текетірес алаңына айналдыруға қарсымыз, - деді Тоқаев.
Бүгiн, 12:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер