20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекПремьер-министрдің орынбасары – сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу бастаған қазақ делегациясы «Орталық Азия – Шығанақтағы араб мемлекеттері ынтымақтастығы кеңесі» (ОА-ШАМЫК) форматындағы 3-ші министрлік кездесуге қатысты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Іс-шара аясында тараптар өңіраралық ынтымақтастықтың қазіргі жағдайы мен келешегін талқылап, халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша пікір алмасты. Қазақ делегациясының басшысы өз сөзінде «ОА–ШАМЫК» алаңының жуырда ғана құрылуына қарамастан, бұл құрылым «С5+» форматы аясындағы перспективті өзара іс-қимыл механизмі ретінде қалыптасып келе жатқанын атап өтті.
Кездесу барысында негізгі салаларда нақты ынтымақтастықты кеңейтуге ерекше көңіл бөлінді. Қазақ тарапы өзара келісілген әрекеттер сауда-экономикалық байланысты жандандыруға, орнықты логистикалық бағыттар қалыптастыруға және азық-түлік қауіпсіздігін арттыруға мүмкіндік беретініне сенім білдірді.
Басым салалар ретінде инвестициялар, агроөнеркәсіп, көлік инфрақұрылымы, жаңартылатын энергия көздері, климат, геология, цифрландыру және инновациялар аталды. СІМ басшысы сирек кездесетін және стратегиялық маңызды шикізат саласындағы ынтымақтастықтың өзектілігін ерекше атап өтті.
Қазақстанда жалпы құны 46 триллион АҚШ долларынан асатын 5 мыңнан астам кен орны бар. Біз ШАМЫК елдерінен серіктестерді барлаудан бастап өңдеу мен инновациялық шешімдерді енгізуге дейінгі барлық кезеңдерді қамтитын бірлескен жобаларды жүзеге асыруға шақырамыз, - деді Мұрат Нұртілеу.
Гуманитарлық ынтымақтастықты кеңейту мақсатында Қазақстан білім, спорт, туризм және мәдени байланыстар салаларында өзара іс-қимылды ілгерілетуге ниетті екенін білдірді. Сонымен қатар Шығанақ елдерінен келетін туристер үшін Орталық Азия бойынша бірыңғай туристік бағыт қалыптастыру ұсынылды.
Орталық Азия мен ШАМЫК елдері арасындағы серіктестік ортақ экономикалық мүдделермен қатар терең тарихи және мәдени байланыстарға негізделген. Біз достас Шығанақ мемлекеттерден ресми делегациялар, іскерлік топтар мен азаматтарды ү.ж. мамырда өтетін Астана халықаралық форумында қуана қарсы аламыз, - деді М.Нұртілеу.
20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?