1 Қазан, 17:40
«Атын Төрехан деп қойдық»: шымкенттік отбасы жетінші перзентіне боксшының есімін бердіПрезиденттің тапсырмасы бойынша 2029 жылға қарай ел экономикасындағы орта бизнестің үлесін 15 пайызға жеткізу міндеті қойылған. Осыған орай қазіргі нәтижелер мен алдағы жоспарларға байланысты Үкімет басшысы Олжас Бектенов БАҚ өкілдерінің сұрақтарына жауап берді, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Премьер-министрдің айтуынша, қазіргі таңда шағын және орта бизнестің (ШОБ) жалпы ішкі өнімдегі үлесі 39 пайызды құрап отыр. Оның ішінде шағын бизнестің үлесі – 32 пайыз, ал орта бизнестің үлесі – небәрі 7 пайыз.
Орта бизнестің үлесін 15 пайызға дейін жеткізу – үлкен әрі маңызды міндет. Бұл бағытта мемлекет тарапынан бірқатар қолдау шаралары қарастырылған. Мәселен, «Даму» қоры жанынан екі кепілдік беретін қор құрылды. Бұл да өз әсерін береді деп ойлаймыз, – деді Олжас Бектенов.
Үкімет басшысының айтуынша, егер бұл мақсатқа қол жеткізілсе, ол жалпы экономикалық өсім мен ел экономикасының тұрақтылығына оң ықпал етеді. Осыған байланысты Үкімет пен жергілікті атқарушы органдар нақты жұмыстарды бастап кеткен.
Бұған дейін жыл басынан бері Қазақстан экономикасы 6,2%-ға өскені туралы жазғанбыз. Сонымен қатар Бектенов экономикалық өсімді қамтамасыз етуге қатысты тапсырмалар берді.
1 Қазан, 17:40
«Атын Төрехан деп қойдық»: шымкенттік отбасы жетінші перзентіне боксшының есімін берді1 Қазан, 12:41
Азиаданың финалына шыққан Ажар Асхат туралы не білеміз?1 Қазан, 11:32
«Шындықты жайып саламын»: Роналду ұлттық құрамадан кетті ме?1 Қазан, 09:45
Алтынға апарар жол: Азиададағы боксшылардың нәтижесіне көңіл тола ма?