13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңыз25 ақпанда сағат 20.21-де Павлодар қаласында Орджоникидзе көшесінде үй өртеніп жатқаны туралы хабарлама келіп түсті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Шақыру орнына өрт сөндіру қызметінің қызметкерлері дереу барды. Оқиға орнына келген бойда жеке тұрғын үйде 10 шаршы метр аумақта өрт шыққаны белгілі болды. Үй заттары мен шатыр жанып жатты.
3-ӨСБ қарауыл бастығы Қайрат Бексеитов пен бөлімше командирі Бақтияр Нұрмағамбетов жанып жатқан үйден 1961 жылы туған ер адамды алып шығып, Апаттар медицинасы орталығының қызметкерлеріне тапсырды. Ер адам ауруханаға жатқызылды.
Ал өрт сөндіруші Қайыргелді Қарыбаев үйден газ баллонын эвакуациялады.
Өрт сағат 21:01-де оқшауланып, сағат 21:26-да сөндірілді.
Өрттің себебі мен келтірілген шығын анықталуда. Оқиға орнында жеке құрамнан 17 адам және 4 бірлік өрт сөндіру техникасы жұмыс істеді, сондай-ақ Апаттар медицинасы орталығының бригадасы жұмылдырылды.
Өрт туындаған жағдайда өрт сөндіру қызметінің қызметкерлерін 101 немесе 112 нөмірі бойынша дереу шақыруға кеңес береміз.
13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңыз11 Қыркүйек, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керек11 Қыркүйек, 09:00
«Ұял» дегенде бетін басады: Челси есімді ит қазақша бұйрықтарды қалай үйренді?10 Қыркүйек, 12:44
«Маугли қыз»: 17 жастағы қырғыз қызының ерекше қабілеті көпшілікті таңғалдырды