19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?«Симба» дүкеніндегі өрт сағат 17:54-те оқшауланып, 18:38-де толықтай өшірілді. Өрт салдарынан көршілес кеңседегі 2 адам түтінге уланған, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі mangystaumedia.kz-ке сілтеме жасап.
ТЖД кезекші пультіне 6 қазанда сағат 16:30-да 10 ш/а 1-ғимаратында орналасқан «Симба» балалар дүкеніндегі өрт туралы хабарлама түскен.
ТЖД күштері 2-дәрежелі жоғары шақырту бойынша жолданған. Төтеншеліктер дүкенде 40 шаршы метр төсектер, балалар арбасы, ойыншықтардың жанып жатқанын анықтаған.
Өрт болған кезде дүкендегі 7 қызметкер мен 3 тұтынушы шығып үлгерген. 22 адам, оның ішінде 5 бала эвакуацияланды. Қызметкерлер дүкендегі 800 млн теңгелік тауарды алып шықты. ТЖД зерттеу-анықтау қызмет өрттің себебін анықтап жатыр, - деді Ақтау қаласы Төтенше жағдайлар басқармасы бастығының орынбасары Қабылет Ещанов.
19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары