29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары2023 жылдың 17 қараша күні 15:10 сағатта Атырау қаласы, Байтақ ықшам ауданында орналасқан 2 қабатты жеке тұрғын үйлердің бірінде түтін шыққаны туралы шақырту түсті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері дереу шақырту орнына жетіп, жалпы ауданы 15х12 болатын екі қабатты тұрғын үйдің жануын анықтады.
Өрт сөндіру кезекшілік қызметінің жедел кезекшісы азаматтық қорғау майоры Нұрлыбек Жұмабиденұлы Қатапов кезекшіліктен тыс уақытта өрт шыққан үйдің маңынан өтіп бара жатып, өртті байқап, дереу өрт шарпыған үйге кірген.
Нәтижесінде өрт ошағында қалған 81 жастағы қарт әжені көтеріп, далаға қауіпсіз жерге шығарып, жедел жәрдем қызметкерлеріне тапсырған. 81 жастағы қария өрт салдарынан 3 дәрежелі күйік алғандығы анықталды. Қазіргі уақытта жан сақтау бөліміне жатқызылған. Дәрігерлердің бақылауында.
Атырау облысы ТЖД 20 қызметкері мен 4 бірлік техникасы оқиға орнында өртті сөндіруге жұмылдырылды.
Өрт 15:34 сағатта оқшауланып, 16:29 сағатта толықтай жойылды.
Өрттің шығу себептері анықталуда.
Атырау облысы ТЖД облыс тұрғындары мен қонақтарын тұрғын үйдегі өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтауға шақырады.
29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек