Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек«Семей орманы» мемлекеттік орман табиғи резерватының автопаркі жаңа өртке қарсы техникамен жаңартылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі Экология және табиғи ресурстар министрлігіне сілтеме жасап.
Арнайы сапармен автокөліктердің кілттерін тапсыру үшін табиғат қорғау мекемесіне Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар Министрі Ерлан Нысанбаев келді.
Естеріңізге сала кетейік, биылғы жылдың маусым айында «Семей орманы» МОТР» РММ аумағында қайғылы салдары бар ірі орман өрті болған. Мемлекет басшысының 11 маусымда жедел штаб отырысы барысында берілген тапсырмаларын орындау үшін ағымдағы жылы Қазақстан Республикасының Үкіметіне республикалық бюджеттен азаматтық қорғау саласындағы 2023-2027 жылдарға арналған бірінші кезектегі шаралардың бекітілген Кешенді жоспары шеңберінде орман шаруашылығын материалдық-техникалық қамтамасыз етуге қаржы бөлінді.
Кешенді жоспар шеңберінде 68,6 млрд. теңге сомасына шығыстар көзделіп отыр.
Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекКеше, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?